Алматыда қызыл-көк арнайы жарық құралдары заңсыз орнатылған көлік анықталды. Рөлде 18 жастағы жүргізуші болған, оған қатысты әкімшілік шаралар қабылданды, деп хабарлайды inAlmaty.kz.
Тексеру әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан кейін басталды. Медеу аудандық полиция қызметкерлері көліктің орналасқан жерін анықтап, оны «Медеу» ВСК автотұрағынан тапты.
Полиция арнайы жарық құралдарын заңсыз орнату фактісін құжаттады. Тексеру қорытындысы бойынша жүргізушіге қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
Алматы қаласының полиция департаменті қызыл-көк жарқылдау сигналдары тек арнайы көлік құралдарына арналғанын еске салды. Оларды қарапайым көліктерге өз бетінше орнату жауапкершілікке әкеледі.
Дереккөз: inAlmaty.kz
Как вам публикация?
Выберите одну реакцию