Пятница, 20 ноября 2026
Другие виды спорта

Астанадағы таеквондо Гран-при финалына Қазақстаннан төрт спортшы қатысады

Қазақстан құрамасы Астанада 28–29 қарашада өтетін таеквондодан Гран-при финалында екі ер және екі әйел спортшымен бақ сынайды.

Таеквондодан Астанадағы Гран-при финалына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Қазақстан таеквондо федерациясы (WT) Астанада өтетін Гран-при финалына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады. Ел намысын төрт таеквондошы қорғайды.

Ерлер арасында 58 келіге дейінгі салмақта Тамирлан Тілеулес, 80 келіге дейінгі салмақта Батырхан Төлеуғали өнер көрсетеді. Әйелдер турнирінде 49 келіге дейінгі салмақта Рита Бакишева және 57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова сынға түседі.

Таеквондодан Гран-при финалы 28–29 қарашада Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Дереккөз: НОК Казахстана — Olympic.kz (қазақша)

Персоны материала

Как вам публикация?

Выберите одну реакцию

Добавить комментарий

Ваш email не публикуется. Ссылки и ненормативная лексика запрещены.