Пятница, 20 ноября 2026
Другие виды спорта

Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем кубогының Обихиродағы кезеңіне қатысады

20–22 қарашада Жапонияның Обихиро қаласында өтетін әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан атынан 15 конькиші жарысқа шығады.

Конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі

Жапонияның Обихиро қаласында 20–22 қараша күндері конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасынан 15 спортшы қатысады.

Ерлер құрамына Нұралы Ақжол, Виталий Щиголев, Артур Галиев, Евгений Кошкин, Никита Важенин, Вадим Якубовский және Андрей Зуев енді.

Әйелдер арасында Алина Дауранова, Мария Деген, Арина Ильященко, Алина Шумекова, Инесса Шумекова, Кристина Шумекова, Кристина Силаева және Дарья Важенина ел намысын қорғайды.

Әлем кубогының Бейжіңде өткен алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын.

Дереккөз: НОК Казахстана — Olympic.kz (қазақша)

Персоны материала

Как вам публикация?

Выберите одну реакцию

Добавить комментарий

Ваш email не публикуется. Ссылки и ненормативная лексика запрещены.