Пятница, 20 ноября 2026
Другие виды спорта

Щучьеде шаңғы жарысы жаттықтырушыларына техникалық курс өтті

Щучье қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығында өткен екі күндік курсқа Қазақстан өңірлерінен 50-ге жуық шаңғы жарысы жаттықтырушысы қатысты.

Щучье қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығында шаңғы жарысынан жаттықтырушыларға арналған екі күндік техникалық курс ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 50-ге жуық маман қатысты.

Іс-шара Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен Olympic Solidarity бағдарламасы аясында Ұлттық шаңғы қауымдастығымен бірлесіп өтті. Дәрістерді Норвегия, АҚШ, Австрия және Швейцария ұлттық құрамаларымен жұмыс істеген норвегиялық маман Тронд Нюстад жүргізді.

Бағдарлама шаңғышыларды даярлаудың негізгі бағыттарын қамтыды:

  • әртүрлі жас санатындағы спортшыларға арналған жаттығу жүктемесін жоспарлау;
  • төзімділік пен күшті дамыту;
  • шаңғы жарысында биомеханика қағидаларын қолдану.

Семинарда теориялық сабақтар практикалық жаттығулармен қатар өткізілді. Қатысушылар спортшылардың жасы мен дайындық деңгейіне сай жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәсілдерін талқылап, түрлі даярлық әдістерімен танысты.

Практикалық бөлімде жаттығулар орындалып, қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жауап алды. Жаттықтырушылар тәжірибе алмасып, Тронд Нюстадтың кеңестерін тыңдады.

Olympic Solidarity бағдарламасы білім беру курстары арқылы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға, спортшыларды даярлау әдістерін жетілдіруге және заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған. Бағдарламаны Халықаралық Олимпиадалық комитеті жүзеге асырады және Ұлттық Олимпиадалық комитеттерге білім беру, мамандар даярлау мен спортты тұрақты дамыту бағыттарында қолдау көрсетеді.

Дереккөз: НОК Казахстана — Olympic.kz (қазақша)

Персоны материала

Как вам публикация?

Выберите одну реакцию

Добавить комментарий

Ваш email не публикуется. Ссылки и ненормативная лексика запрещены.