Кристина Шумекова Жапонияның Обихиро қаласында басталған конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңінде 1000 метр қашықтықта бесінші нәтиже көрсетті. Қазақстан құрамасының спортшысы қашықтықты 1 минут 15,38 секундта жүріп өтті.
Бұл сайыста Нидерланд өкілі Ангел Далеман жеңіске жетті. Шумекова одан 1,68 секундқа қалып қойды. Екінші орынды Изабель Гревелт 1:14.66 нәтижесімен иеленді, ал Польшаның өкілі Виктория Дабровска 1:14.80 уақытпен үздік үштікті түйіндеді.
Бұған дейін Бейжіңде өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Шумекова 1000 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алған еді.
Дереккөз: НОК Казахстана — Olympic.kz (қазақша)
Как вам публикация?
Выберите одну реакцию